Телефон: +7 (7182) 61-01-01
RU KZ
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Павлодар облысының дін істері басқармасы
Басты бет Орталық туралы Жаңалықтар Құжаттар Мемқызметтер Байланыс

Орталық туралы

Ұйым туралы

«Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС — Павлодар облысының дін істері басқармасы жанындағы ұйым.

Орталық конфессияаралық келісім мәселелерімен, діни экстремизмнің алдын алумен, ақпараттық-түсіндіру жұмысымен және Павлодар облысының діни бірлестіктерімен өзара іс-қимылмен айналысады.

Басшылық

А
Директор

Алимханов Дастан Серикұлы

1987 жылғы 1 мамырда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Малыбай ауылында дүниеге келген. Орталық директоры қызметінде — 2025 жылғы шілдеден. Үйленген, бір қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр.

Білімі

  • 2009 — С. Торайғыров атындағы ПМУ, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау».
  • 2012 — Екібастұз инженерлік-техникалық институты, «Экономика».
  • 2015 — Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «География».
  • 2019 — С. Торайғыров атындағы ПМУ магистратурасы, «География».
  • 2022 — С. Торайғыров атындағы ПМУ магистратурасы, «Саясаттану».

Еңбек жолы

  • 2009–2010 — инженер-эколог, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС.
  • 2010–2011 — инженер-эколог, «Павлодар әуежайы» АҚ.
  • 2012 — операционист, «АТФ Банк» орталық бөлімшесі, Павлодар қ.
  • 2013 — әдіскер, облыс білім басқармасының «Ертіс дарыны» КМҚК.
  • 2013–2016 — Павлодар облысы Дін істері басқармасының бас маманы.
  • 2016–2018 — Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы.
  • 2018–2022 — облыс ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің басшысы.
  • 2022–2025 — облыс әкімдігі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және өңірлік бақылау бөлімінің бас инспекторы.
  • 2025 жылғы шілдеден — «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры.

Марапаттары мен біліктілігі

  • 2017 — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының Алғыс хаты.
  • 2022 — Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
  • 2025 — ҚР ҰҚК Академиясында «Нысаналы топтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» біліктілікті арттыру сертификаты.

Құрылым және бағыттар

Ақпараттық-түсіндіру бөлімі

  • халықпен жұмыс;
  • дәрістер, семинарлар, кездесулер өткізу;
  • ақпараттық-түсіндіру топтарымен өзара іс-қимыл.

Интернет желісінде мониторинг және қарсы үгіт жұмысы бөлімі

  • өңірдегі діни ахуалды зерделеу;
  • талдамалық материалдар мен зерттеулер;
  • интернет-ресурстар мен әлеуметтік үдерістерді мониторингтеу.

Діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімі

  • психологиялық және теологиялық көмек.
Шрифт / Қаріп